Жазбаша бақылау нысандары бойынша емтихан материалдарын әзірлеу стандарттары

2022 жылдың 18 ақпанында жаратылыстану жоғары мектебінің оқытушылары үшін «Білім алушыларға жазбаша билеттер әзірлеу» әдістемелік семинарды тіркеу офисінің директоры Р.К. Есимханова және оқытушы-дәріскер Е.Н. Гаврилова өткізді. Семинар барысында жазбаша билеттер бойынша емтихан материалдарын дайындау мәселелері және бағалау критерийлері, сондай-ақ сұрақтарды тұжырымдауға қойылатын талаптар талқыланды.