«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық»

2022 жылдың 16 ақпанында ХБҚ тобының білімгерлері мен топ кураторы Т.К.Укушева «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» атты тәрбие жұмысы өтті. Мақсаты: Жаһандық деңгейде бәсекеге қабілетті боламыз десек, әлемдік деңгейдегі ең озық оқулықтардан, ғылыми әдебиеттерден білім алған абзал. Біз әлі күнге дейін көбінесе орыс тіліндегі шетелдік әдебиеттерді қолданамыз. Бұл қазақ тілінің ғылым тіліне айналуын тежейді, орыс тіліне деген тәуелділікті арттырады. Егер қазақ тілін дамытамыз, білім мен ғылым тіліне айналдырамыз десек шет тілдеріндегі оқулықтар мен ғылыми әдебиеттердегі маңызды ақпаратты түпнұсқадан ала білуіміз қажет. Шынайы рухани жаңғыру сол кезде жүзеге асады.