«Кім алғыр?!»

І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде 17-ақпанда Гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебінің студенттік деканатының ұйымдастыруымен I-курс білімгерлері арасында «Кім алғыр?!» атты интеллектуалдық сайыс өтті. Сайыс «Өзім туралы», «Не? Қашан? Қайда?»,«Ал сен білесің бе?», «Қиял әлемінде» деген 4 кезеңнен тұрды. Байқау соңында, Гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебінің деканы Толамисов Амангелді Ғабдылкаримович студенттерге жылы лебізін білдіріп, жеңімпаздарды құттықтап, сыйлықтар табыстады. Нәтижесінде, «Болашақ» тобы – 3 орын иеленсе, «ISQ» тобы – 2 орынды қанжығасына байлады. «Құлагер» тобы алғырлар додасының жеңімпазы атанды.