«АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫНЫҢ ӨМІРІ МЕН ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ ҚЫЗМЕТІ» АТТЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ТӘЖІРИБЕЛІК КОНФЕРЕНЦИЯ

2022 жылдың 25 ақпананды қазақтың ақыны, әдебиет зерттеуші ғалым, публицист, педагог, қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 150 жыл толуына орай «Ахмет Байтұрсынұлының өмірі мен қоғамдық-саяси қызметі» атты Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өткізілді. Конференцияға М.Әуезов атындағы әдебиет және өнер институтының бас ғылыми қызметкері, ф.ғ.к.,  профессор Гулжаһан Орда «Ахмет Байтұрсынұлы туралы драмалық шығармалар» тақырыбында, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ қауымдастырылған профессоры, т.ғ.к. Абикенова Гульжазира Естаевна «А.Байтұрсынов бастаған қазақ зиялыларының жаһандық дамуға ұмтылысы» тақырыбында, І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің әлеуметтік-гуманитарлық бағыт бойынша білім беру бағдарламасының оқытушы-дәріскері, т.ғ.к. Сантаева Кулимкоз Тенизбаевна  «Ахмет Байтұрсыновтың саяси ұстанымы», І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің әлеуметтік-гуманитарлық бағыт бойынша білім беру бағдарламасының оқытушы-дәріскері, т.ғ.к. Буланов Ержан Олжабаевич «Ұлттық саяси элита және оның қазақ қоғамындағы  қызметі мен рөлі» тақырыбында баяндамалар оқылып, талқыланды. Алаш азаматы Ахмет Байтұрсынұлының ел тәуелсіздігі үшін қосқан үлесін ұлықтай отырып, ұлттық құндылықтарымызды қастерлеуді, ұлттық мүддемізді нығайтуды насихаттап, жастарымызды патриоттық рухта тәрбиелеу мақсатында конференцияға жас ғалымдар, магистранттар, студенттер тартылды.

Модератор: Әлеуметтік-гуманитарлық бағыт бойынша білім беру бағдарламаларының оқытушы-дәріскері Абдильдинова Лашын Батырхановна.