Педагогикалық іс-тәжірибе – болашақ маманның кәсіби біліктілік кепілі

 2022 жылғы 24 ақпанда 6В011100- «Физика-Информатика»  мамандығы ФИПҚ 311 топ білімгері Айтан Динар педагогикалық іс-тәжірибе барысында Талдықорған қаласы, Еркін ауылындағы Е.Берліқожаұлы атындағы №11 орта мектеп КММ 9«б» сыныпта «Планк гипотезасы» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақ барысында Динар Планк формуласын есеп шығару барысында қолдануды , Фотоэффект құбылысын түсіндіру мақсатын көздеп, көзделген нәтижеге қол жеткізді. Сабақта білімгер топпен, жұппен жұмыс әдістерін шебер қолданды. Педагогикалық информатика бойынша білім беру бағдарламаларының оқытушы дәріскері Н. Ермекова студенттің  өткізген сабағын жоғары деңгейде деп бағалады.