Оқыту семинары

24.02.2022 жылы Педагогика және психология жоғары мектебінде «Білім алушылардың оқу жетістіктерін критериалды бағалау және жазбаша бақылау түрлері бойынша емтихан материалдарын әзірлеу жүйесі» тақырыбындағы оқыту семинарлары аясында «Жазбаша емтихан сұрақтарының құрылымы, бағалау критерийлері» атты семинар-тренинг өткізілді.

Семинар-тренингке Педагогика және психология жоғары мектебінің профессорлық-оқытушылар құрамы қатысты.

Семинар-тренинг барысында спикерлер К.Н.Ахмедиева, С.Б.Шенгелбаева, А.С.Таурбековалар қатысушылармен бірге жазбаша емтихан жұмысына қойылатын негізгі талаптар, жазбаша емтихан жұмысын рәсімдеу ережелері, оны бағалау критерийлері, Блум таксономиясы негізінде сұрақтар жасау мәселелерін талқылады.