«СУИЦИД» ТАҚЫРЫБЫ АЯСЫНДА КЕЗДЕСУ

Топ кураторы М.Г.Ашимова ШТҚ 211, 213 топтарымен «Суицид» тақырыбы аясында «Иман» орталық мешітінің ұстазы Мұқиятұлы Нұрсұлтанмен кездесу ұйымдастырды. Суицид мәселесінің шешімін Ислам дінінен іздеу тиімді болғандықтан кездесу барысында өзіне өзі қол жұмсау – Исламда өте ауыр күнә екендігі тілге тиек етіліп, жастардың басты мақсаты білім алу керектігі Нұрсұлтан ұстаз тарапынан айтылды. Кездесуге гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебінің деканы А.Ғ.Толамисов та қатысып, суицидтің мәнін түсіндірді, оқушыларға адам өмірінің қымбат екендігін зерделету, жаман ойларға, сыртқы әсерлерге берілмеу керектігін ұғындырды. Артынан марқұм ШТҚ 212 тобының студенті болған Темірғали Айдана рухына құран бағышталып дәмнен ауыз тиілді.