Педагогикалық практиканың қорытынды конференциясы

2022 жылғы 4 наурызда Педагогикалық информатика бойынша БББ 3-курс ИПҚ 311, ИР 311, ИА 311 топ 6В01505 – «Информатика», 3-курс МИҚ 311 топ 6B01502 – «Математика-Информатика» және 3-курс ФИПҚ 311, ФИР 311 топ 6B01504 – «Физика-Информатика» білім беру бағдарламаларының білімгерлерімен педагогикалық практикадан өткендігі туралы қорытынды конференциясы өтті.

Конференцияға Педагогикалық информатика бойынша БББ жетекшісі, п.ғ.к., Ж.Жиембаев, практика әдіскерлері оқытушы-дәріскерлер: К.Забиева, А.Онгарбаева, практикаға жауапты әдіскер, оқытушы-дәріскер Н.Ермекова және білімгерлер қатысты. Сөз кезегі білімгерлерге беріліп, олар іс-тәжірибе қорытындысы туралы есеп берді. Педагогикалық практикада болған студенттер кездескен қиыншылықтарымен бөлісіп, болашақта оларды шешу жолдарын талқылады.