Салауатты өмір салты

2022 жылдың 16 наурызында Жаратылыстану жоғары мектебінің Химия-Биология мамандығының 2 курс білімгерлері мен топ кураторы Т.К.Укушева «Салауатты өмір салты» атты кураторлық іс-шара өткізді. Іс-шара мақсаты: білімгерлерді салауатты өмір салтын қалыптастыруға тәрбиелеу, жеке бас гигиенасын сақтауға, дұрыс тамақтануға,  дене шынықтыру мен спортпен шұғылдануға, жаман әдеттерден сақтандыру, ішімділік пен темекінің жас организмге зиянды екенін насихаттау. Жастарды  жаман әдеттерден аулақ болып, өскен ортадан тек қана жақсы әдеттерді  бойына сіңіруге баулу. Ұлы ойшыл Сократқа кезінде мынадай сұрақ қойылыпты: «Адамға өмірде не қымбаттырақ, «байлық па, әлде атақ па?» деп. Сонда Сократ: Байлық та, атақ та, даңқ та адамды шын бақытты ете алмайды. Дені сау кедей, ауру патшадан бақыттырақ» деп жауап берген екен. Яғни адам бақытты болу үшін оған денсаулық керек, ал денсаулықтың кепілі – салауаттылық. Ендеше, денсаулығымызға назар аударып, дұрыс тамақтанып, күн тәртібін ұстанып зиянды әдеттерден аулақ болайық.