ОҚУ ПРАКТИКАСЫ БОЙЫНША ҚОРЫТЫНДЫ КОНФЕРЕНЦИЯ

2022 жылдың 03 наурызында гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебінде 125 аудиторияда оқу практикасы бойынша қорытынды конференция өтті.

Конференцияға 6В01703- «Орыс тілі мен әдебиеті», 6В01704- «Орыс тілінде оқытпайтын мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті» оқу бағдарламаларының 1 курс студенттері, практикаға жауапты, п.ғ.к., доцент Сералиева Н.Ж. және практика жетекшілері Чеснокова К.А. және Абайдельданова М.Қ. қатысты.

Студенттер үшін бұл практика болашақ кәсіби іс-әрекетке үздіксіз кәсіптік практикалық дайындықтың алғашқы кезеңдерінің бірі болып табылады. «№12 орта мектеп-гимназиясы» филолог БББ даярлаудың базасы болып табылады. Студенттерде оқу орнының қызмет ету ерекшеліктері,  филолог-педагогтың негізгі қызметі, оның кәсіби функциялары туралы жалпы түсінік қалыптасып, оқу процессінде қолданатын әдіс-тәсілдер және технологиялармен танысты. Оқу практикасының мақсаты жүзеге асты.