Отбасы құндылықтары

2022 жылдың 18 наурызында Жаратылыстану жоғары мектебі «Биология» мамандығының 2 курс білімгерлері мен топ кураторы Т.К.Укушева «Отбасы құндылықтары» атты тәрбие сағатын өткізді. Мақсаты: Отбасы құндылығы туралы түсініктерді, отбасы туралы ұғымдарды кеңейту, оны сүйе білуге, ата-ана және бала қарым-қатынасын өзара байланысын қалыптастыру, отбасының негізі өмірдің ұйытқысы, киелі қасиетке ие болу сыры, отбасы тәлімінің мәні туралы түсініктерді кеңейту.

Отбасы белгілі дәстүрлердің, жағымды өнегелердің, мұралар мен салт-дәстурлердің сақтаулысы. Отбасында бала алғаш рет өмірмен, қоршаған ортамен танысып, мінез-құлық нормаларын игереді. Әр бала атаның қанымен, ананың сүтімен келетін туабітті қасиеттер сияқты ұлттық рухани құндылықтарды да ең алдымен отбасында ата-ананың тәрбиесімен бойына сіңіретіні анық. Ендеше ұлттық тәрбие – ұлт болып ұйысудың, ел болып ертеңге нық қадам басудың негізі болмақ.