Жоба

Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университеті Horizon 2020 European Union funding for Research and Innovation бағдарламасы шеңберінде Еуропалық комиссияның қаржыландыруымен H2020 MSCA-RISE «Орталық Азия құқығы: Орталық Азиядағы құқықтық мәдениет және бизнес орта (Central Asian Law: Legal Cultures and Business Environments in Central Asia)» жобасының қатысушысы болды.

Жоба 01.03.2020-28.02.2024 жж. аралығында жүзеге асырылады. Жоба Орталық Азиядағы құқықтық мәдениет, басқару және іскерлік орта арасындағы өзара байланыс туралы жаңа білім мен саяси идеяларды игеруге бағытталған. Жобаны Еуропа мен Орталық Азияның 11 еліндегі 14 мекеме жүзеге асырады. Жетісу университетінен басқа (Қазақстан), Лунд университеті (Швеция), Цюрих университеті (Швейцария), Манчестер университеті (Англия), Карлов университеті (Чехия), Рига Жоғары құқық мектебі (Латвия), Мармара университеті (Түркия), Стамбул Медипол университеті (Түркия), Латвия университеті (Латвия), Ташкенттегі халықаралық Вестминстер университеті (Өзбекстан), Өзбекстан Республикасы Бас прокуратурасының академиясы (Өзбекстан), SIAR Research and Consulting (Қырғызстан), Тебиги Кувват қоғамдық бірлестігі (Түрікменстан), Тәжікстан Техникалық Университетінің Худжанд Политехникалық Институты (Тәжікстан) сияқты жетекші шетелдік жоғары оқу орындары қатысады.

Жоба шеңберінде шетелдік іссапарлар, зерттеулерді орындау мақсатында жоба орындаушыларының Қазақстанға келуі, семинарлар мен конференциялар өткізу жоспарланып отыр.