2022 жылдың 26 сәуірінде І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде дәстүрлі республикалық «ІЛИЯС ӘЛЕМІ» жастар фестивалі өткізіледі.
Фестиваль аясында өткізілетін іс-шаралар:
1. «Іші алтын, сырты күміс сөз қалдырған» атты эссе байқауы.
2. «Өлең деген – әр сөздің ұнасымы» атты мүшәйра.
Фестиваль жұмысына қатысуға республикадағы жоғары оқу орындары және колледж студенттері шақырылады.
Қатысу өтінімдері фестивальдің ұйымдастыру комитетіне жазбаша түрде е-mail: zhu.iliyastanu@mail.ru 2022 жылдың 25 сәуіріне дейін қабылданады.
Байланыс телефоны: +7 (7282) 22-16-67 ішкі 1125, 8 707 726 70 95; 8705 726 70 95