І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің 50 жылдығы аясында» Ерлік апталығы»

2022 жылдың 14 наурызынан 19 наурызына дейін дене шынықтыру және өнер Жоғары мектебі І. Жансүгіров атындағы Жетісу  университетінің 50 жылдығы аясында «Ерлік апталығын» өткізді

Акцияның мақсаты – оқушылардың бойында жоғары патриоттық сезімді, өз Отанына деген адалдық сезімін, ҚР мүдделерін қорғау бойынша азаматтық борыш пен конституциялық міндеттерді орындауға дайындығын тәрбиелеу. 2022 жылдың 14 наурызында № 4 және №19 орта мектептерде АӘД мұғалімдері, 8-9 сынып оқушылары және оқытушы-лектор Б.Ш. Шаяхметовтың қатысуымен Ауған жауынгерлеріне арналған «Соғыс үшін ешкім жаратылған жоқ» атты еске алу күні өткізілді.  Өз сөздерінде қонақтар өздері, өздерінің өмір жолдары, соғыс қимылдарына қалай қатысқандары туралы айтып, 8-9 сынып оқушыларының сұрақтарына жауап берді.

2022 жылдың 16 наурызында І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде университетпен танысу мақсатында №19 орта мектеп оқушыларымен кездесу өтті. Кездесу барысында оқушылар университет тарихымен, дене шынықтыру және өнер Жоғары мектебінің студенттерімен танысты. Тир, «Әскери робототехника» виртуалды зертханасына (220 аудитория), сондай-ақ әскери кафедраға барды.

2022 жылдың 17 наурызында № 4 және №19 орта мектептерде «Бастапқы әскери дайындық» ББ студенттері 8-10 сынып оқушыларымен «Мен өз Отанымның патриотымын» тақырыбында әңгіме өткізді.

2022 жылдың 18 наурызында «Бастапқы әскери дайындық» ББ 3-4 курс студенттері өндірістік іс-тәжірибе өту аясында І. Жансүгіров атындағы Жетісу университеті Жалпы даму ББ оқытушы-дәріскері Б. Ш. Шаяхметовтың қатысуымен №19 және №12 орта мектеп оқушыларымен Азаматтық қорғаныс бойынша дәріс өткізді.