«BRAIN BATTLE 50» АТТЫ ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ САЙЫС

2022 жыл наурыз айының 17 жұлдызында Гуманитарлық ғылымдар жоғарғы мектебінің Шетел тілдері және аударма ісі білім беру бағдарламарылының ұйымдастыруымен университетіміздің 50 жылдығына орай «Brain battle 50» атты интеллектуалды сайысы өтті.   Қатысушылар жоғарғы мектептер арасынан 3 тілде білім алып жатқан, 3 тілді еркін меңгерген  1 курс білімгерлері  болды.  Жарыс 3 кезеңнен құрылды, олар: қазақ, орыс және ағылшын тілдерінің грамматикасы және әдебиеті, 3 тілдің мақал-мәтелдері және де Жетісу университетінің тарихы мен қазіргі күнгі жаңалықтарынан тұрды. Додаға 19 білімгер қатысып  3 білімгер жүлделі 1,2,3 орындарды иеленді және 2 білімгер алғыс хаттармен марапатталды. 1 орынды ЖҚ111 тобының студенті Баймухан Гүлнұр, 2 орынды АЖҚ111 тобының студенті Аканова Жанна және 3 орынды МИҚ111 тобының студенті Сейталы Нұрдәулет иеленді. Сайыс мәнді – мағыналы, жоғарғы деңгейде өтті. Білімгерлерге жарыс өте қызықты болды, білгендерін өзгеге көрсетіп, білмегендерін өздеріне түйіп алды. Қорытындылай келе осындай интеллектуалды жарыстар білімгерлердің білімге деген құштарлығын ұлғайтып, тіл үйренуге деген ынтасын ояту мақсатында сапалы түрде жиі өткізіп тұрса екен дейміз.