ГУМАНИТАРЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР ЖОҒАРЫ МЕКТЕБІ ҰЛТТЫҚ НАУРЫЗ МЕЙРАМЫН АТАП ӨТТІ

18 наурыз 2022 жылы гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебінің ұйымдастыруымен 22 Наурыз – Ұлыстың ұлы күніне орай, ұлттық салт-дәстүріміз бен құндылықтарды дәріптеу мақсатында «Қош келдің, әз Наурыз!» атты мерекелік іс – шара өткізілді. Наурыз шығыс елдері үшін бірліктің, татулықтың, еңбектің, ізгіліктің, бақыттың мерекесі ретінде тойланған. Бұл күні жақсы тілек тілеу, құттықтау, кешірім жасау, табысу сияқты адамгершілік қасиеттер көрініс тауып, кейінгі ұрпақтар сондай жақсы өнегеден үлгі алған.

Биылғы Наурыз мейрамы ерекше аталып өтті. Білім беру бағдарламалары өздеріне ауыл атауларын беріп, жеті түрлі дәм қосылған наурыз көже пісіріп,  шақырылған қонақтардың назарына қазақ халқының «Беташар», «Тұсау кесу», «Бесікке бөлеу» салт-дәстүрлерімен ерекше қойылымдар көрсетті. Ұлық мейраммен жоғары мектеп деканы Амангелді Ғабдылкәрімұлы барлығын құттықтап, әр білім беру бағдарламасының дастарханынан дәм татты. Сонымен қоса, қадірлі қонақтардың қатарында университеттің ардақты ардагер ұстаздары келіп, ақ батасын берді. Жиналған жұрт қазақтың халық әндерін ұйып тыңдап, ұлттық билерге тәнті болды. Жеңімпаздарға I, II, III дипломдар, сыйлықтар табыс етілді.