Олимпиада

«І.Жансүгіров атындағы Жетісу университеті» КЕАҚ 2022 жылғы 8 сәуірде жаратылыстану жоғары мектебінің базасында Алматы облысы мектептерінің түлектері арасында жаратылыстану бағытындағы (математика, физика, биология, информатика, химия) пәндер бойынша облыстық олимпиада өткізеді.

Олимпиаданың мақсаттары мен міндеттері: шығармашылық қабілеттерін ашу, талантты және дарынды балаларды іріктеу және қолдау; оқушылардың зияткерлік әлеуетін қалыптастыруға жәрдемдесу; ғылыми қызметке қызығушылықты және логикалық ойлауды дамыту, білімді интеграциялау және бейстандарт есептерді шешу үшін қолдану.

Олимпиаданы өткізу формасы: off-line.

Олимпиаданың жұмыс тілдері: қазақ, орыс.

Олимпиадаға қатысушылар: пәндік олимпиадаға Алматы облысының жалпы білім беретін мектептерінің, лицейлері мен гимназияларының 11 сынып оқушылары қатыса алады.  Олимпиадаға қатысуға өтінішке енгізілген және тіркеуден өткен адамдар жіберіледі. Олимпиадаға қатысу үшін өтінішті толтыру және оны 2022 жылғы 5 сәуірге дейін тиісті нысан бойынша беру қажет (1-қосымша).

Олимпиаданы өткізу тәртібі

Қатысушыларды тіркеу 8.30 – 9.00.

Олимпиада екі турда өткізіледі: олимпиаданың 1 турында оқушыларға 3 практикалық тапсырма беріледі (орындау уақыты – 60 минут). 2 турда оқушыларға 5 практикалық тапсырма беріледі (орындау уақыты – 90 минут). Олимпиадаға арналған тапсырмалар жаратылыстану бағытындағы (математика, физика, биология, информатика, химия) мектеп пәндері бойынша құрастырылған.

1 турдың өтетін уақыты: 9.00 – 10.00.

2 турдың өту уақыты: 10.30 – 12.00.

Олимпиада жеке сынақ түрінде өткізіледі. Жеке сынақта 2 тур үшін ең жоғары балл жинаған қатысушылар жеңімпаз болып табылады.

Олимпиадаға қатысатын оқушыларға тыйым салынады:

– біреумен сөйлесу, тапсырмалардың мазмұнына қатысты емес барлық сұрақтар тек олимпиаданы ұйымдастыру комитетінің өкілдерімен шешілуі керек;

– анықтамалық, оқу әдебиеттерін пайдалану;

– ұялы телефонды және басқа байланыс құралдарын пайдалану;

– аудиториядан қажетсіз шығу.

Осы талаптарды бұзған қатысушылар олимпиададан шығарылады, ал олардың жұмыстары конкурстық қараудан алынып тасталады.

Қорытындылау: бағалау критерийлері мен баллдарды есептеу тәртібін ұйымдастыру комитеті анықтайды. Олимпиаданың қазылар алқасы орындалған тапсырмаларды тексеруді және бағалауды дербес жүзеге асырады. Олимпиада нәтижелері хабарланғаннан кейін апелляциялық комиссияның жұмысы жүргізіледі. Апелляциялық комиссия сағат 14.00-ден 15.00-ге дейін жұмыс істейді. Апелляциялық комиссия төрағасы п.ғ.к. оқытушы-лектор А.О.Алдабергенова (ұялы тел.87023869593). Қазылар алқасының соңғы шешімі шағымдануға жатпайды. Қазылар алқасы олимпиада жеңімпаздары мен жүлдегерлерін анықтайды.

Олимпиаданы қорытындылау және марапаттау уақыты: 15.00 – 16.00.

Ұйымдастыру комитетінің мекен-жайы:

040009 Алматы облысы, Талдықорған қаласы, Желтоқсан көшесі, 220, № 2 оқу ғимараты

Байланыс телефондары:

жұм.: 8(7282)22-44-79(2246)

факс.: 8(7282)22-21-94

e-mail: dekanat_f-m.f@mail.ru

ұялы тел. 87052428779 Гаврилова Е.Н. (математика), 87781042051 Шендель А.В. (физика), 87759916040 Есейқызы А. (информатика), 87026246781 Атабаева А.М. (биология), 87773833762 Ыбырайымжанова Л.К. (химия).