Облыстық конференция

2022 жылдың 29 наурызында «Облыстық білімді дамыту оқу-әдістемелік орталығы»  КММ, «Алматы облысының білім басқармасы» ММ ұйымдастыруымен «Математиканы оқыту: жағдайы мен мәселелері» тақырыбында облыстық конференция өтті.  Конференцияға Алматы облысының тәжірибелі математика мұғалімдері қатысты.

Конференцияда жаратылыстану жоғары мектебінің оқытушы-дәріскері Забиева Камшат Казбековна «Болашақ педагогтарды математиканы оқыту әдістемесіне қалай оқыту керек?» тақырыбында баяндама жасады. К.К.Забиева конференцияға қатысқаны үшін алғыс хат алды.