Президенттің жолдауына – қолдау!

Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебінің Филология білім беру бағдарламасының 3-курс білімгерлері топ кураторы Тұрысбекова Әсем Ерікқызының жетекшілігімен мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтің «Халық бірлігі және жүйелі реформалар-ел өркендеуінің биік негізі» атты Қазақстан халқына жолдауына қолдау ретінде дөңгелек үстел өткізді. Білімгерлер жолдау тарауларына тоқталып,өз ойларын жеткізді. Соның ішінде,денсаулық жүйесі мен пандемиядан кейінгі кезеңдегі экономикалық даму тақырыптары көп қолдауға ие болды.Осы жолдау әр білімгерге,әр қазаққа,әр қазақстандыққа білуі керек екен деген ой топшыладық.