«Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында «Әз Наурыз, берекелі болсын!» атты мерекелік іс – шара

30 наурыз 2022 жылы «Ұлыстың ұлы күні – Наурыз» мерекесіне орай шығармашылық оқыту білім беру бағдарламасының оқытушысы Турганова Маржан Муратовна студенттермен «Әз Наурыз, берекелі болсын» атты мерекелік іс – шара ұйымдастырды.

Іс – шараны қазақи салт-дәстүрмен шашу шашып бастау алып, артынан бата беріліп, көнерген сөздердің мағыналары айтылып, мақал – мәтел жарысы сынды сәті болды.  Жиналған оқытушылар және студенттер жылы лебіздерін білдіріп, концерттік бағдарламаны тамашалады. Іс – шараның соңында келген барша қауым ұлттық тағамымыз «Наурыз көжеден» дәм татты.