Хабарландыру

2022/2023 оқу жылының 1-ші семестріне академиялық ұтқырлық бағдарламасы туралы қосымша хабарландыру

Халықаралық ынтымақтастық және стратегиялық даму орталығының 30.03.2022 жылғы хабарландыруына қосымша ретінде, ҚР БҒМ І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетіне Еуропа және Оңтүстік-Шығыс Азия елдеріне оқуға жіберуге орын бөліп бергенін хабарлайды. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрлігінің 14-4/436-ВН 31.03.2022ж. хатына сәйкес, Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментінің директоры А. Тойбаев, республикалық бюджет есебінен академиялық ұтқырлықты қаржыландыру конкурсына 2022/2023 оқу жылының 1-ші семестрінде мемлекеттік грантта және ЖАО грант негізінде  оқитын студенттер қатыса алатынын хабарлады.

Барлық туындаған қосымша сұрақтар бойынша халықаралық ынтымақтастық және стратегиялық даму орталығына (бас ғимарат, 309 кабинет) хабарласуыңызды сұраймыз.