Семинар

2022 жылдың 06 сәуірінде дене шынықтыру және өнер Жоғары мектебінде «Дене тәрбиесінің теориясы мен әдістемесі» тақырыбында «Дене шынықтыру және спорт»білім беру бағдарламасының студенттеріне оқытушы – дәріскерлер Б. Б. Сәрсенбаев, Ж. О. Ахметовтын  ұйымдастыруымен семинар өткізілді. І. Жансүгірова атындағы  ЖУ мен Талдықорған қаласындағы «Назарбаев Зияткерлік мектептері»арасындағы ынтымақтастық аясында,  дене шынықтыру-сауықтыру жұмыстарын ұйымдастыру кезінде  НЗМ педагог-практигі М. М. Есбаев тиімді технологияларды көрсетті.