Конференция

7 сәуірде І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің Жаратылыстану Жоғары мектебі, «География» және «География-тарих» білім беру бағдарламасы студенттерінің ғылыми конференциясы өткізілді.

Конференцияның тақырыбы: «ГЕОГРАФИЯНЫҢ ҚАЗІРГІ ЗАМАНҒЫ ҒЫЛЫМИ ЗЕРТТЕУ ЖӘНЕ МЕКТЕП ГЕОГРАФИЯСЫНДА САБАҚ ӨТКІЗУ ӘДІСТЕРІ».

Конференцияға ғылыми–ізденіс жұмыстарын дайындаған 2 және 3 курс білімгерлері өз жобаларын ұсынды:

 1) «Белсенді жанартаудың үлгісін құру» (Этна жанартауының мысалында) жобасы – Муратова Аружан, Абдикаримова Назерке;

2) «Шарын өзені алабы өсімдік жамылғысының биомассасының өнімділігін анықтау» жобасы – Садық Жансая, Курбаналиева Жазира.

 Бұл жобалардың ғылыми жетекшісі география PhD докторы, оқытушы-дәріскер Керімбай Б.С.

3) «Педагогикалық іс-тәжірибе өту барысында зерттеу әдістерін қолдану нәтижесі» жобасы – Ақанова Толқынай, Әскерхан Мадина, Мұрат Айғаным және Садықова Назым;

4) «Экономикалық география пәнінде салыстырмалы зерттеу әдістері» жобасы – Аханов Ернар.  

Жобалардың ғылыми жетекшісі педагогика және психология магистрі, оқытушы-дәріскер Дюсембинова С.М.  

Конференцияға қатысқан профессор-оқытушылар құрамы білімгерлердің ғылыми – ізденіс жұмыстарының әділ бағасын беріп, білімгерлерге шығармашылық табыс тіледі.