Міндетті үшжылдық жұмыс өтемі

2022 жылғы 07 сәуірде ҚР БҒМ «Қаржы орталығы» АҚ-ның маманы Серікқали Ақзира Серікқалиқызымен педагогикалық және басқа мамандықтар, мемлекеттік білім грантында, ауылдық квота бойынша бітіруші түлектерге арналған «Міндетті үшжылдық жұмыс өтемі» бойынша онлайн форматта түсіндіру жұмыстары жүргізілді.  

Іс-шара барысында «Білім туралы» ҚР Заңының 47-бабы 17-тармағының талаптарына, ҚР Үкіметінің 30.03.2012 ж. №390 қаулысымен бекітілген Жас мамандарды жұмысқа жіберу қағидаларына сәйкес ақпарат айтылып, «Қаржы орталығына» қандай құжаттар өткізілу керек екендігі және қандай жағдайда толық міндетті жұмыс өтемінен босатылатындығы туралы т.б. мәліметтер берілді.

Қатысқан бітіруші түлектер әр түрлі сұрақтарға жауап алды.