Семинар

І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің 50 жылдығына орай өткізілген география пәні мұғалімдерінің ғылыми-әдістемелік семинары.

2022 жылы 6 сәуір күні университеттің 50 жылдығына орай Жаратылыстану жоғарғы мектебі Алматы облысы білім басқармасының білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығымен бірлесіп «География сабақтарында электронды білім беру ресурстарын пайдалану негізінде оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту әдістері» тақырыбында ғылыми-әдістемелік семинар өткізді. Семинардың ашылуында Жаратылыстану жоғары мектебінің деканы п.ғ.к., доцент  Назым Жанатбекқызы университеттің 50 жылда жеткен жетістіктері,  мамандықтар жайында толық ақпарат берді. Семинарға Талдықорған, Текелі қалаларының, Ақсу, Ескелді, Көксу, Кербұлақ, Қаратал аудандарының география пәнінің мұғалімдері қатысты.  Семинарды г.ғ.к., Еркін Тоқпанов, облстық білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығының  әдіскері Ғалымжан Дихамбаев жүргізді.

Ғылыми-әдістемелік семинар барысында электронды интернет карталарды география сабақтарында тиімді пайдалану негізінде білім алушылардың функционалдық сауаттылығын дамытудың, PISA тапсырмаларын құрудың  тиімді әдістері мен технологиялары қарастырылды.