4 курс студенттерінің қорытынды педагогикалық (өндірістік) конференциясы

2022 жылы 7 сәуірде  «5В011000-Физика» мамандығының ФПҚ-411, ФҚ-411 топ студенттеріне педагогикалық (өндірістік) практикасының қорытынды конференциясы өтті. Конференция барысында білім алушылар мектеп оқушыларына сабақ беру процесі мен сабақ кезінде қолданылған заманауи оқу технологияларының ерекшеліктерін презентация арқылы көрсетті. Соңында студенттердің есептері бойынша комиссия мүшелері (физика-математика бағыты бойынша білім беру бағдарламаларының жетекшісі Ә.Ә.Ақжолова және педагогикалық практикаға жауапты оқытушылар Д.А.Турсынбаева мен Д.Е.Куатбаева) қорытынды бағаларын жариялады.