Міндетті үшжылдық жұмыс өтемі

12 сәуірде ҚР БҒМ «Қаржы орталығы» АҚ-ның маманы Ибраева Жанара Саметовнамен мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша бітіруші магистранттар мен доктаранттарға арналған «Міндетті үшжылдық жұмыс өтемі» бойынша онлайн форматта түсіндіру жұмыстары жүргізілді.  

Іс-шара барысында «Білім туралы» ҚР Заңының 47-бабы 17-тармағының талаптарына, ҚР Үкіметінің 30.03.2012 ж. №390 қаулысымен бекітілген Жас мамандарды жұмысқа жіберу қағидаларына сәйкес ақпарат айтылып, «Қаржы орталығына» қандай құжаттар өткізілу керек екендігі және қандай жағдайда толық міндетті жұмыс өтемінен босатылатындығы туралы т.б. мәліметтер берілді.

Магистранттар мен доктаранттардың қойған әр түрлі сұрақтарына толық жауап берілді.