«Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу» мамандығы/білім беру бағдарламасы бойынша  іс-тәжірибелер ұйымдастырылды

Оқу жоспары және оқу үрдісінің кестесіне сәйкес 5В010100/6В01201 – «Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу» мамандығы/білім беру бағдарламасы бойынша 2021-2022 оқу жылында барлығы  10 топта үш іс-тәжірибе түрі жоспарланған. Іс-тәжірибелер  білім беру бағдарламасының оқытушыларының жүктемесіне сәйкес А.А. Капенова, Г.С. Майлыбаева, Н.Н. Ханина, А.С. Таурбекова, Г.А. Тажинованың  жетекшілігімен жүргізілді.

Іс-тәжірибе бекітілген оқу бағдарламаларына сәйкес қойылған талаптарға сай өткізіліп, қорғалды.

МДпқ 311,411 топта өндірістік және педагогикалық іс-тәжірибе нәтижесі бойынша қорытынды конференция № 45,42, 14 балабақша әдіскерлерінің қатысуымен өтті.