“MY EXPERIENCE, MY STORY, MY ENGLISH”

Ағымдағы жылдың 12-сәуір  күні Жетісу университетінің   50 жылдығына орай ұйымдастырылған  Алматы облысы және Талдықорған қаласы бойынша 11 сынып  оқушылары арасында “MY EXPERIENCE, MY STORY, MY ENGLISH” атты  интеллектуалды сайысы өткізілді. Байқауды І.Жансүгіров атындағы Жетісу университеті,   Гуманитарлық ғылымдар   жоғары  мектебі, «Шетел тілдері және аударма ісі» бойынша  білім беру бағдарламалары ұйымдастырды. Байқаудың мақсаты оқушылардың негізгі құзыреттіліктерінің бірі – олардың алған білімдері мен дағдыларын пайдалана білуін қалыптастыруға бағытталған. Сайыс үш кезеңнен тұрды. Әр кезең сайын жүйірік шыққандар іріктеліп отырды. Интеллектуалдық сайыс барысында 11-сынып оқушылары ағылшын тілін меңгергендігін, білім деңгейлерінің жоғары екендігін дәлелдеп бақты. Оқушылардың жоғары оқу орнындағы алғашқы әсері, талпынысы, қызығушылығы айқын аңғарылып тұрды. Додаға қатысқан білімгерлер  жүлделі 1, 2, 3-ші дәрежелі дипломдармен, номинациялармен, сертификаттармен марапатталды.