Ашық есік күні

І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде «Айналайын»   балалар үйі  тәрбиеленушілеріне «Ашық есік күні» ұйымдастырылды. Бітіруші түлектер өздерінің таңдайтын мамандықтарын Дене шынықтыру және спорт, Бастапқы әскери дайындық,  Журналистика білім беру бағдарламаларымен байланыстырмақ.

Іс-шара барысында оқушылар университет туралы ақпарат алып,  Халықаралық ынтымақтастық және стратегиялық даму орталығы, Жастар орталығы, Оқу телестудиясы,  Ғ.Орманов атындағы кітапхана, Стартап академиясы, Бассейн,  Дене шынықтыру және өнер жоғары мектебінің материалдық базасымен танысты.