АШЫҚ ЕСІК

14.04.2022 жылы Ілияс Жансүгіров атынедағы Жетісу университетінің Дене шынықтыру және өнер жоғары мектебінде Талдықорған қаласының «Айналайын» балалар үйінің мектеп бітіруші түлектеріне ашық есік күні өткізілді. Осы іс-шара аясында түлектерге жоғары мектептің білім беру бағдарламалары бойынша «Ашық есік» іс-шарасы жүргізілді. Іс-шара барысында «Айналайын» балалар үйінің мектеп бітіруші түлектеріне оқу аудиториялары, оқу лабораториялары, спорттық кешендері, оқу шеберханаларымен таныстырып,  білімгерлер мен оқытушылар тарапынан оқыту үрдісі бойынша толық ақпарат беріліп өз өнерлерін көрсетті.Түлектер «Ашық есік» іс-шарасы соңында өздерінің қуанышты әсерлерімен, болашақтағы мамандық таңдауларына байланысты үлкен бағыт-бағдар алғандарымен бөлісті.