Voice of ZHU

Университеттің 50 жылдығына орай университетішілік «Жетісу таланты» байқауының студенттер арасындағы ән бағыты бойынша «Voice of ZHU» байқауы

Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде алғаш рет «Жетісу таланты» байқауы аясында «Voice of ZHU» атты университетішілік әншілер байқауы ұйымдастырылды. Конкурс бір ай көлемінде өткізілген болатын. Жас әншілер сайысына 6 жоғары мектеп пен Zhansugurov college-нен барлығы 7 жұп өтініш білдірді. Байқаудың бірінші іріктеу кезеңінен ән орындау шеберлігі жоғары 4 жұп ақтық сынға жолдама алды. Құқық және экономика, педагогика және психология, дене шынықтыру және өнер жоғары мектебі мен Zhansugurov college-нің үміткерлері екінші кезеңге өтті.

Доданың ақтық сынына жолдама алған 4 жұп жоғары дайындықпен өнер көрсетті. Байқаудың үздік үштігінен көрінген үшінші орынды өзара құқық және экономика жоғары мектебінің білімгері Ерғалиева Ақерке мен дене шынықтыру және өнер жоғары мектебінің білімгері Нұрболатұлы Алмас бөліссе, екінші орынды педогогика және психология жоғары мектебінің білімгері Жалғасар Бағжанар мен Zhansugurov college-нің білімгері Төрехан Арнұр жүлде тұтты. Бірінші орынды дене шынықтыру және өнер жоғары мектебінің білімгері Сабыржанова Ақбота мен құқық және экономика жоғары мектебінің білімгері Иманмадинова Динара иеленді. Сондай-ақ жеңімпаздар университет атынан тағайындалған қаржылай сыйақымен марапатталды.