Кездесу

І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде облыс бойынша жалпы білім беру мекемелерінің мектеп бітіруші түлектеріне арналған кәсіптік бағдар беру жұмыстары бойынша Zoom платформасы және YouTube желісі арқылы онлайн форматта «Биік мансап, білікті маман – білімділікте» атты кездесу өтті. Шараға университетіміздің құрылымдық бөлімдері, жоғары мектептер бойынша білім беру бағдарламаларының жетекшілері мен жауапты тұлғалар қатысты. Онлайн кездесуде мектеп бітіруші түлектеріне университет  жайлы  бейнеролик, білім беру бағдарламалары бойынша таныстырылымдар көрсетілді.

Кездесу барысында түлектердің көкейінде жүрген сауалдарға жауап берілді. Сонымен қатар академиялық ұтқырлық бағдарламасы, қызықты студенттік өмір, шығармашылық емтихандарды тапсыру шарттары,  магистратура мен докторантурада оқуды жалғастыру перспективалары және өзге де  көптеген мүмкіндіктер туралы ақпарат берілді.