«THE EFFECT OF REFLECTION ON EDUCATION: THEORY, METHODS, DEVELOPMENT AND IMPLEMENTATION» ӘДІСТЕМЕЛІК СЕМИНАРЫ

Сәуір айының 13-ші жұлдызында Гуманитарлық ғылымдар жоғарғы мектебі Шетел тілдері және екі шетел тілі білім беру бағдарламаларының ұйымдастыруымен тағы бір облыс көлемінде ауқымды шара өтті. Бұл шараға мектеп оқушылары емес мұғалімдері қатысты. Әдістемелік семинар тақырыбы «The effect of reflection on education: theory, methods, development and implementation». Семинардың мақсаты: Студенттердің рефлексиялық әрекетін меңгеруге әріптестердің ынтасын арттыру. Семинарда келесі бағыттарға ерекше назар аударылды: ынтымақтастық және бірлесіп құру және ең соңында рефлексия педагогикасы. Семинарда мұғалімдердің рефлексиялық әрекетінің негізгі қағидалары тұжырымдалды. Семинарға Талдықорған қаласы мен Алматы облысынан 135 мұғалім қатысты. Барлық қатысушыларға сертификат берілді.