«Жас тарихшы» олимпиадасының қорытындылары

2022 жылдың 21 сәуірі күні І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің 50 жылдық мерейтойына орай «Жас тарихшы» атты қала мектептерінің оқушылары арасында «Қазақстан тарихы» пәнінен олимпиада өткізілді.

Олимпиадаға қаламыздың 23 мектебінен оқушы қатысты. Олимпиада барлығы  «Кім жылдам?», «Менің елімнің тарихы» атты екі кезеңнен тұрды. Барлық оқушылар белсенді қатысты және Қазақстан тарихының сұрақтарына жауап беруде шапшаңдық танытып, білімдерін жетілдіре түсті. Барлық қатысушылар арнайы Университеттің 50 жылдық сертификаттарымен, жетекшілері алғыс хаттармен, І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.

І орын: №14 орта мектеп-гимназиясының 11-сынып оқушысы Ерден Ернур иеленді.

ІІ орын: №17 орта мектептің 11-сынып оқушысы; Нұрлыбек Рауан; №28 IT мектеп-лицейінің 11-сынып оқушысы Саду Ерқанат иеленді.

ІІІ орын: Ш.Уәлиханов атындағы №10 орта мектеп-гимназиясының 11-сынып оқушысы Бақдаулетова Мадина; №21 орта мектептің 11-сынып оқушысы Тлеуғажина Кәусар иеленді.

«Жас тарихшы» қала мектептерінің оқушыларының арасында өткен олимпиаданы ұйымдастырушылар: Абдильдинова Л.Б., Нурланова Г.Н., Хуанган О.

Комиссия мүшелері: Төрағасы – т.ғ.к. Буланов Е.О.; комиссия мүшелері – т.ғ.к. Сантаева К.Т., оқытушы-дәріскер Искакова Г.М. мен Нурланова Г.Н.