Көрме

Ғ.Орманов атындағы кітапханада университеттің 50 жылдығына арналған «Халықтың беделі – білім мен ғылымда» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге І.Жансүгіров атындағы Жетісу университеті оқытушыларының ғылыми еңбектері қойылған. Күнделікті оқытушылар, докторант пен магистранттар, студенттер кітап көрмесіндегі университет оқытушыларының оқу-әдістемелік әдебиеттерімен және монографияларымен танысуда. Кітап көрмесі келушілерге әрдайым ашық.