Университеттің 50 жылдығына арналған халықаралық ғылыми- тәжірибелік конференция

21 сәуір күні Жетісу университетінің 50 жылдығына орай «Қазақстан Республикасының білім беру кеңістігіндегі филология ғылымдары» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік (онлайн) конференция өтті. Гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебінің филолог оқытушылары ұйымдастырған конференцияға алыс және жақын шет елдерден әріптестер: Цюрих университетінің Швейцария славистика институтының атынан, педагогикалық қызметін біздің университетте бастаған, филология ғылымдарының докторы О.Д.Буренина-Петрова, Якутиядан филология ғылымдарының кандидаты В.Д.Монастырев және республикадағы әріптестер – Сулейман Демирель университетінен филология ғылымдарының докторы Л.Ю.Мирзоева, Қызылорда университетінен орыс тілі мен әдебиеті кафедрасының доценті Ж.М.Майгелдиева қатысты.

Конференцияның 4 секциясына университетіміздің 60 оқытушысы, магистранттары мен студенттері және қала мектептерінің мұғалімдері қатысты.

Конференция жинақы өтті, баяндамаларда қазіргі заманғы филологияның, қазіргі әлемдегі ғылым мен білімнің жалпы проблемалық мәселелері, филологиялық зерттеулер теориясы мен тәжірибесінің өзекті мәселелері, сондай-ақ жаңартылған білім беру жүйесінде филологиялық пәндерді оқыту теориясы мен әдістемесіндегі жаңалықтар ұсынылды. Магистранттар мен студенттердің қатысуы бір жағынан түрлі сала ғалымдарымен, олардың зерттеулерімен танысуға деген ынтасын көрсетсе, екінші жағынан конференцияға қатысушылар жас зерттеушілердің ғылыми қызығушылығымен танысты.

Конференцияны ұйымдастырушылар, университет басшылығы конференцияға қатысушылардың барлығына ризашылығы мен алғысын айтып, филологияның әр саласындағы ғалымдармен ғылыми байланысты жалғастыруға ниет білдірді.