Олимпиада

20-21 сәуірде Павлодар педагогикалық университетінде физика пәні  бойынша XIV Республикалық студенттік олимпиада өтті.  Оған республикамыздың 15 жоғары оқу орнынан студенттер қатысты.  Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің студенттері де олимпиадада білімдерін сынап, жүлделі орынға ие болды. Жаратылыстану жоғары мектебінің физика – математика бағытындағы 3 курс студенттері Саят Елнұр, Бейімбетова Медина және Кенжебек Дина командалық есепте III орын, жеке есепте Саят Елнұр II орын алды. Команда жетекшісі: «Физика» ББ оқытушы – ассистенті Шендель Анастасия Владимировна.  Жеңімпаздарды құттықтаймыз!