физика пәні бойынша XIV Республикалық студенттік олимпиада

Павлодар педагогикалық университетінде 2022 жылдың 20-21 сәуірінде физика пәні бойынша XIV Республикалық студенттік олимпиада өтті.  Оған республикамыздың 15 жоғары оқу орнынан қатысты, оның  ішінде өзіміздің  Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің студентеріде қатысты. Олимпиада қорытындысы бойынша жаратылыстану жоғары мектебінің физика – математика бағытындағы 3 курс студенттері Саят Елнұр, Бейімбетова Медина және Кенжебек Дина командалық есепте III орын алды, сондай-ақ Саят Елнұр жеке есепте II орын алды. Команда жетекшісі: «Физика» ББ оқытушы – ассистенті Шендель Анастасия Владимировна.