ХIV РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПӘН ОЛИМПИАДАСЫНАН СТУДЕНТТЕРІМІЗ ЖҮЛДЕЛІ ОРАЛДЫ

2022 жылғы 22 сәуір мен 23 сәуір аралығында Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде «6В032-Журналистика және ақпарат» даярлау бағыты бойынша ХIV Республикалық пән олимпиадасы өтті. Аталған білім бәсекесіне еліміздің ЖОО-нан 16 команда қатысып, өзара бақ сынады.

Республикалық олимпиадада төрт кезең бойынша мықтылар анықталды.

1-кезең. «Бейнесюжет»;

2-кезең. «Тестілеу» (Kahoot!платформасында);

3-кезең. «Газет жанрлары бойынша жазба жұмысы»;

4-кезең. « Газет шығару тәжірибесі».

Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің студенттері де олимпиадада білімдерін сынап жүлделі III орынға ие болды.

Топ жетекшісі: Каримова Бибигуль Жумашовна (PhD) философия докторы.

Топ мүшелері: Айтақын Айғаным Қуатқызы, Сейтжан Бекжан Ержанұлы, Оспанжан Алуа Бауыржанқызы.

Жеңімпаздарды құттықтаймыз!