ЖУ «Географ зерттеуші» студенттік клубы

2022 жылдың ақпан айында І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің Жаратылыстану жоғары мектебі «География-тарих» білім беру бағдарламасы бойынша  2 курс білімгерлерінің бастамасымен және  оқытушылардың қолдауымен ЖУ «Географ – зерттеуші» студенттік клубы құрылды.

Студенттік клубты 2 курс студенттері Муратова Аружен және Абдикаримова Назерке басқарады. Кураторы география PhD докторы, оқытушы-дәріскер Керімбай Баян Сүлейменқызы.

Құрылған ұйымның негізгі мақсаты – жастар мен студенттер арасында табиғатты және табиғи-аумақтық кешендерді зерттеп, әлемдегі түрлі қызық құбылыстарды іздеп тауып, соны ортада  клуб мүшелерімен  талқылап, география пәнінен шығармашылық зерттеу жұмыстарын насихаттау.

Міндеттері:

– алға қойылған мақсат пен іс-шараларға жауап беретін жастардың бастамаларын қолдау және зерттеу жобаларын әзірлеу;

– жастарға бағытталған жобаларға жастардың белсенді қатысуын ұйымдастыру және ынталандыру, сондай-ақ осындай жобаларға қатысуға бағытталған белсенді және бастамашыл жастарды тәрбиелеу және оқыту жүйесін құру;

– география ғылымын жетілдіру және дамыту жұмыстарына, іргелі және қолданбалы зерттеулер мен жобаларға қатысуды үйрену.

ЖУ «Географ – зерттеуші» студенттік клубының отырысы айына 2 рет жоспарлы түрде өткізілуде.