Робототехника бойынша республикалық олимпиада

2022 жылдың 18-19 сәуір аралығында Математика-Информатика білім беру бағдарламасының 2 курс студенттері: Иманбетова Ақпейіл, Жайлаубаева Арайлым, Жанабаева Айғаным педагогикалық информатика білім беру бағдарламаларының оқытушы-ассистенті С.М. Серикованың жетекшілігімен Алматы қаласында «ХАТУ» АҚ ұйымдастырған «IITU Robocon 2022» робототехника бойынша республикалық олимпиадасына қатысты.

21 сәуір күні Қазақ Ұлттық қыздар педагогикалық университетіде ЖОО арасында өткен Республикалық «IQ –Аламан 2022» интелектуалды сайысына қатысып, ұсынылған «PH-метр» және «Шлагбаум» жобалары «Ең Үздік Smart жоба» номинациясын алды. Осы жобалар университетіміздің “Робототехника және Мехатроника” орталығында  дайындалды.