Сапаны қамтамасыз етудегі жауапкершілік

Университеттің сапаны ішкі қамтамасыз ету жүйесін басқару барлық лауазымды тұлғалардың, қызметкерлердің жұмысын және олардың өз қызметтерін орындаудағы өзара байланысын, соның ішінде жауапкершілік пен өкілеттіктерді нақты анықтауға негізделген.

Білім беру сапасын қамтамасыз ету университеттің тиісті ұйымдық құрылымымен жүзеге асырылады. Қойылған мақсаттар мен қолда бар ресурстарды ескере отырып, университетте басқарудың неғұрлым қолайлы ұйымдық құрылымы жасалған.

Университеттің ұйымдық құрылымына кіретін негізгі лауазымды тұлғалар мен бөлімдердің атқаратын қызметтері бір ортақ мақсатқа – білім беру процесінің сапасын қамтамасыз етуге бағытталады.

Лауазымды тұлғалар мен бөлімдердің міндеттері мен өкілеттіктері ішкі нормативтік құжаттармен, университет жоспарларымен, Басқарма Төрағасы – Ректордың бұйрықтарымен, лауазымдық нұсқаулықтармен және құрылымдық бөлімдер туралы ережелермен анықталып, бекітілген.

Университет қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтарында осы лауазымға тағайындалған қызметкердің міндеттері, құқықтары мен жауапкершілігі айқындалған.

Университет басшылығы келесі бағыттар бойынша сапаны қамтамасыз ету қызметін жүзеге асырады:

  • білім беру процесін ұйымдастыру және жоспарлау;
  • сабақтардың барлық түрлерін өткізу сапасы;
  • мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес білім алушыларды оқу-әдістемелік кешендермен қамтамасыз ету;
  • оқу үрдісінде техникалық және бағдарламалық құралдарды қолдану;
  • кадрлық қамтамасыз ету;
  • профессор-оқытушылар құрамының біліктілігін арттыру.

Жоғары мектептер сапаны қамтамасыз ету қызметін келесі бағыттар бойынша жүзеге асырады:

  • МЖМБС, үлгілік қағидалар мен кәсіптік стандарттар негізінде кадрлар даярлау бағыттары бойынша еңбек нарығында сұранысқа ие білім беру бағдарламаларын әзірлеу және оларды іске асыру;
  • ғылым мен практика жетістіктері, халықаралық, ұлттық стандарттар мен жалпыадамзаттық құндылықтарды енгізу негізінде тұлғаның кәсіби қалыптасуы мен дамуына бағытталған білім беру бағдарламаларын жүзеге асыру үшін қажетті жағдайлар жасау;
  • еңбек нарығында бәсекеге қабілетті, жоғары білікті кадрлар даярлау;
  • өзекті ғылыми зерттеулер жүргізу;
  • жаңа ғылыми зерттеулердің нәтижелерін оқу үрдісіне енгізу, сондай-ақ білім алушыларды оларды орындауға тарту;
  • оқытудың инновациялық технологияларын енгізу және одан әрі дамыту үшін жоғары мектептің материалдық-техникалық базасын уақтылы жаңарту;
  • тұлғаның мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік және салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру;
  • азаматтыққа және патриотизмге, Отанға – Қазақстан Республикасына деген сүйіспеншілікке, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, Конституцияға қарсы және қоғамға қарсы кез-келген көріністерге төзбеушілікке тәрбиелеу.

Құрылымдық бөлімдердің басшылары:

  • ішкі және сыртқы нормативтік құжаттарға сәйкес процестер мен білім беру қызметтерінің сапасын қамтамасыз етеді;
  • әрбір қызметкерге университеттің сапаны ішкі қамтамасыз ету саясатын жеткізуге;
  • бөлімдердегі процестердің жұмыс істеуін қамтамасыз етуге жауапты.

Бөлім персоналы бөлім туралы ережеге және лауазымдық нұсқаулықтарға сәйкес өзінің лауазымдық міндеттерін орындау сапасы үшін жауапты.

Сапаны ішкі қамтамасыз ету жүйесінің негізгі компоненттерінің бірі білім алушыларды ЖОО-ны басқаруға тарту (студенттік өзін-өзі басқару) болып табылады. Сапаны қамтамасыз ету рәсіміне барлық білім алушылар: студенттер, магистранттар, докторанттар белсенді қатысады. Білім алушылар Ғылыми кеңестің, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңестің, Әдеп жөніндегі кеңестің, Сапаны қамтамасыз ету жөніндегі комиссияның жұмысына тартылады.

Білім алушылармен жұмыс істеу және оларды білім беру процесінің сапасын бағалау жөніндегі жұмысқа тарту ісінде ұйымдастырушылық қызметті Жастар орталығы және жоғары мектептердің Сапаны қамтамасыз ету жөніндегі комиссиялары атқарады.

Білім беру қызметінің сапасын арттыру мақсатымен әр университеттің жоғары мектебінде Сапаны қамтамасыз ету жөніндегі комиссия жұмыс істейді. Басқарма Төрағасы – Ректордың бұйрығы бойынша Комиссия құрамына университеттің оқытушылары мен білім алушылары кіреді.

Комиссия білім беру бағдарламаларының мазмұны мен іске асырылу шарттары, бағалау саясаты және жоғары мектептің басқа да академиялық мәселелері бойынша шешімдер қабылдайды, білім алушыларға білім беру бағдарламалары мен пәндерінің/модульдерінің сапасына сәйкестігі, академиялық адалдықты бұзу фактілерінің болуы тұрғысынан сауалнама ұйымдастырады. Комиссия отырыстары бекітілген жоспарларға сәйкес өткізіледі. Комиссия отырыстарына қарастырылатын мәселелерге байланысты университеттің әкімшілік-басқару персоналының өкілдері қатысады.