Фестиваль

«ІЛИЯС ӘЛЕМІ» атты дәстүрлі республикалық студент-жастар   фестивалінің нәтижесі

2022 жылдың 26 сәуір күні І.Жансүгіров атындағы Жетісу  университетінде «Ілияс әлемі» атты  дәстүрлі  республикалық  студент-жастар  фестивалі сегізінші рет университеттің елу жылдық мерейтойына орай  өткізілді. Фестивальға республиканың ЖОО және  колледж студенттері қатысты.

«Іші алтын, сырты күміс сөз қалдырған»  атты  эссе байқауына  Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ түрік университеті, ШЖҚ ”Талдықорған жоғары медициналық колледжі” МКК, Жаркент жоғары гуманитарлық–техникалық  колледжі, Талдықорған жоғары политехникалық колледжі, Талдықорған қаласының «Авиценна» медициналық колледжі, Бизнес құқық және жаңа технологиялар  колледжі, І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің студенттері белсене қатысты.

«Өлең деген – әр сөздің ұнасымы» атты мүшәйраға Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті, Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті, ШЖҚ ”Талдықорған жоғары медициналық колледжі” МКК, Текелі кәсіптік колледжі, Жаркент жоғары гуманитарлық-техникалық колледжі, «Білім» гуманитарлық-техникалық колледжі, Талдықорған жоғары политехникалық колледжі, І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің студенттері белсене қатысты.

Сондай-ақ, фестиваль номинацияларына  ақын,  Қазақстан Жазушылар одағы облыстық бөлімшесі төрағасының орынбасары, Жазушылар Одағының мүшесі Жангелді Немеребай, ақын, Жетісу газеті редакторының орынбасары Жұматай Оспанұлы,  ақын,  Жетісу газетінің меншікті тілшісі Асыл Сұлтанғазы, ақын, Қазақстан жазушылар одағының мүшесі Гүлбақыт Қасен, І.Жансүгіров музейінің директоры Нұргүл Жауынбаева әділқазы болды.

Фестиваль соңында эссе байқауынан, мүшәйрадан озып шыққандар анықталып, жеңімпаздарға дипломмен бірге ақшалай сертификаттар ұсынылды.

«Өлең деген – әр сөздің ұнасымы»  атты мүшәйраның жеңімпаздары:

Бас жүлде – Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің студенті Байекенова Дильназ;

1 дәрежелі диплом – Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінің студенті  Кеңес Ертай;

2 дәрежелі диплом – Жаркент жоғары гуманитарлық-техникалық колледжінің студенті Назарқұл Айерке;

2 дәрежелі диплом – І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің студенті Мадет Ернұр;

3 дәрежелі диплом – І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің студенті Құттыбаев Әділ;

3 дәрежелі диплом – Жаркент жоғары гуманитарлық-техникалық колледжінің студенті  Оразақан Бағлан.

 «Іші алтын, сырты күміс сөз қалдырған»  атты  эссе байқауының жеңімпаздары:

Бас жүлде –І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің студенті  Шаймұрат Ақниет;

1 дәрежелі диплом – Жаркент жоғары гуманитарлық–техникалық  колледжінің студенті  Дүйсенқожа Дана;

2 дәрежелі диплом –І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің студенті Туламбекова Аяжан;

2 дәрежелі диплом – Талдықорған жоғары политехникалық колледжінің студенті Белденбаева Нұрай;

3 дәрежелі диплом – Жаркент жоғары гуманитарлық–техникалық  колледжінің студенті  Валибай Аружан;

3 дәрежелі диплом – І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің студенті Кеңесбек Ақерке;

3 дәрежелі диплом – Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ түрік университетінің студенті  Мұратбаев Әлішер.