ХІV республикалық студенттердің пәндік олимпиадасы

2022 жылдың  21-22 сәуірінде  Ы. Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институтында 6В01201 – «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» білім беру бағдарламасы бойынша  ХІV  Республикалық пәндік олимпиадасы өтті.

Мақсаты: Студенттердің кәсіби-тұлғалық әлеуеті мен шығармашылық қабілеттерін ашу және кәсіби маман ретінде қалыптасуы үшін жағдай жасау.

Олимпиадаға Республика бойынша 16 команда қатысты.

Соның ішінде І. Жансүгіров атындағы Жетісу университеті, педагогика және психология жоғары мектебі, оқыту және тәрбиелеу әдістемелері білім беру бағдарламаларының п.ғ.м., оқытушы-дәріскер А.С. Таурбекованың жетекшілігімен 6В01201 – «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» білім беру бағдарламасының 3 курс студенттері Рахманбек Айгүл, Сейдрасыл Сымбат, Құрманбекова Ақерке, Торахан Аружан қатысып, нәтижесінде жүлделі 1 орынға ие болды.