Мүдделі тараптардың қажеттіліктері мен үміттері

Мүдделі тараптар университеттің тұтынушылардың талаптарына және қолданылатын заңнамалық және нормативтік-құқықтық талаптарға сәйкес келетін қызметтерді ұсыну қабілетіне әсер етеді.

Университеттің ішкі тұтынушыларына мыналар жатады:

  • студенттер, магистранттар, докторанттар;
  • университеттің ПОҚ және қызметкерлері.

Сыртқы тұтынушылар:

  • талапкерлер;
  • магистратура мен докторантураға түсуші тұлғалар.

Университет қызметіне мүдделі басқа тараптарға мыналар жатады:

  • талапкерлердің ата-аналары;
  • жұмыс беруші ұйымдар, серіктестер, білім беру мекемелері;
  • мемлекеттік органдар мен қоғам.

Университетте мүдделі тараптар және олардың талаптары туралы ақпаратқа мониторинг және талдау жүргізіледі. Мүдделі тараптардың талаптары мен үміттері келесі әдістермен анықталады:

  • пікіртерім (ауызша, сауалнама әдісімен);
  • білім беру және басқа да қызметтерді тұтынушылардан процестер мен құрылымдық бөлім жетекшілеріне жазбаша түрде келіп түскен пікірлерді, ұсыныстарды және алғыс хаттарды талдау;
  • ПОҚ мен қызметкерлердің пікірлері мен ұсыныстарын талдау (Басқарма, Ғылыми кеңес, жоғары мектеп кеңестері отырыстары, құрылымдық бөлімдердегі отырыстар аясында).

Мүдделі тараптардың анықталған талаптары мен үміттері білім беру бағдарламаларын, оқу-әдістемелік құралдарды және т. б. әзірлеу және өзектендіру, университет пен құрылымдық бөлімдердің қызметін жоспарлау, жақсарту іс-шараларын жүргізу кезінде ескеріледі.