Сапаны ішкі қамтамасыз ету жүйесінің құжаттамалық қамтамасыз етілуі

Сапаны ішкі қамтамасыз ету жүйесінің құжаттарына келесілер жатады:

  • тұрақты қолданылатын құжатталған ақпарат;
  • жедел құжатталған ақпарат;
  • сыртқы құжатталған ақпарат.

Тұрақты қолданылатын құжатталған ақпаратқа келесі топтар жатады:

  • саясат;
  • жоспарлар;
  • сапаны ішкі қамтамасыз ету жүйесі бойынша нұсқаулық;
  • қызмет бағыттары бойынша құжатталған рәсімдер, ережелер, қағидалар, стандарттар және нұсқаулықтар;
  • ұйымдық құжаттар (ұйымдық құрылым, бөлімдер туралы ережелер, лауазымдық нұсқаулықтар).

Жедел құжатталған ақпаратқа мыналар жатады:

  • қол жеткізілген нәтижелер туралы деректерді немесе жүзеге асырылған қызметті растауды қамтитын құжатталған ақпарат;
  • процестердің кіріс және шығыс деректері;
  • актілер мен хаттамалар;
  • есептер;
  • жақсарту бойынша ұсыныстар;
  • журналдар;
  • тапсырмалар;
  • өтініштер және т. б.

Жедел құжатталған ақпараттың нысандары және оны рәсімдеу қағидалары тиісті ішкі нормативтік құжаттарда (құжатталған рәсімдерде, ережелерде, нұсқаулықтарда, қағидаларда, стандарттарда) белгіленген.

Сыртқы құжатталған ақпаратқа жататындар:

  • Қазақстан Республикасының заңдары («Білім туралы», «Ғылым туралы» және басқа да заңнамалық актілер);;
  • ҚР мемлекеттік стандарттары, оның ішінде мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттар;
  • салалардың стандарттары;
  • Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің және басқа да министрліктер мен мемлекеттік басқару органдарының құжаттары;
  • сыртқы нормативтік-құқықтық құжаттар.

Бұл құжаттарды пайдалану университетті тиімді басқаруға және кадрларды даярлаудың барлық деңгейлерінде білім беру сапасын жақсартуға қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Ішкі нормативтік құжаттарға қолжетімділік Smart Zhetysu бірыңғай платформасына жүктеу арқылы қамтамасыз етіледі. Университеттің ресми сайтынан сапаны ішкі қамтамасыз ету саясатымен, Сапаны ішкі қамтамасыз ету жүйесі бойынша нұсқаулықпен, университеттің даму бағдарламаларымен, Академиялық саясатпен және Академиялық адалдық саясатымен танысуға болады.

Қызметтің барлық бағыттары мен процестері бойынша әзірленген нормативтік-құқықтық база (ішкі нормативтік құжаттар) сыртқы құжаттардағы өзгерістерді, жоғары органдардың ұсынымдары мен нұсқамаларын, сондай-ақ мүдделі тараптардың пікірлерін ескере отырып, үнемі жаңартылып отырады.