«Құқықтық сауаттылық уақыт талабы»

2022 жылдың 29 сәуірінде жастардың құқықтық мәдениетін қалыптастыру және құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында «Саналы ұрпақ» студенттік клубының жетекшісі С.С.Оңғарбаева дене шынықтыру және өнер жоғары мектебінің студенттерімен «Құқықтық сауаттылық уақыт талабы» тақырыбында тәрбие сағатын өткізді. Іс-шарада  І. Жансүгіров  атындағы  Жетісу университетінің  «Саналы ұрпақ» жобалық кеңесінің төрағасы Е.Ж. Бейсов сөз сөйледі, әділет органдары қызметінің бағыттары, оның ішінде білікті заң көмегін, адвокатура, нотариат алу жөніндегі қызметі туралы баяндады.