«Бабаға тағзым» тақырыбында тәрбиелік іс-шара

Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің 50 жылдық мерейтойына орай, Педагогика және психология жоғары мектебі «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» мамандығы 3 курс білімгерлерімен PhD философия докторы., ғылыми-тәрбие жұмысы бойынша координатор Майлыбаева Гульмира Сабыровна ақын-жазушы І. Жансүгіровтің туған күнінен арнап «Бабаға тағзым» тақырыбында тәрбиелік іс-шара өткізді.

Іс-шараны өткізуде Қазақ поэзиясының өрен жүйрігі, ақындықтың құлагері Ілияс Жансүгіровтің шығармаларын білімгерлерге кеңінен танытып, ақыннның шығармаларын жатқа оқу арқылы баба рухына тағзым ету басты мақсат болды.

Іс-шара барысында топ білімгерлері Күмісбек Тоғжан «Құлагер» поэмасындағы «Жетісу суреттері» өлеңін жатқа оқып, Әскер Ақерке І.Жансүгіровтің балалық шағына шолу жасады, Сейдрасыл Сымбат Талдықорған қаласы және Алматы облысында орналасқан І. Жансүгіров ескерткіштері, мұражайлары жайлы мағлұмат берді.

Қорыта келе, PhD философия докторы Майлыбаева Гульмира Сабыровна І.Жансүгіровтың туған жері өскен ортасы жайлы естелік айтып, «Дала» поэмасынан үзінді оқыды.