«6В015 – География мұғалімдерін даярлау» білім беру бағдарламасы тобы бойынша XIV Республикалық студенттік пәндік олимпиада
2022 ж. 27-28 сәуір аралығында «Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінде «6В015 – География мұғалімдерін даярлау» білім беру бағдарламасы тобы бойынша XIV Республикалық студенттік пәндік олимпиада өтті. Олимпиадаға республикамыздың 16 жоғары оқу орнынан студенттер қатысты. Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің студенттері Абаева Меруерт Алмасқызы мен Жакипов Алишер Ерланұлы да олимпиадада білімдерін сынап, командалық есепте жүлделі III орынға ие болды. Команда жетекшісі: Жаратылыстану-ғылыми бағыты бойынша ББ оқытушы–ассистенті Исабаев Ануар Тоқтамысович. Жеңімпаздарды құттықтаймыз!